Ынталандырушы ұтыс ойынын өткізу қағидалары «SENSATA BIRTHDAY ALMATY»

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
1.1. Ұтыс ойынының атауы: «SENSATA BIRTHDAY ALMATY» (бұдан әрі – Ұтыс ойыны).
1.2. Ұтыс ойынын ұйымдастырушы: SENSATA GROUP.
1.3. Ұтыс ойынын өткізу мерзімі: 2026 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 10 тамызға дейін (қоса алғанда). Ұтыс ойынын өткізу мерзімі Ұйымдастырушының бірінші басшысының бұйрығы негізінде ұзартылуы мүмкін.
1.4. Ұтыс ойынын өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы. Нақты өткізілетін орын кейінірек хабарланады.
1.5. Осы Ұтыс ойыны лотерея болып табылмайды, тәуекелге негізделмейді және Қатысушылардан қатысқаны үшін қандай да бір төлемді талап етпейді.

2. ҰТЫС ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1. Ұтыс ойынына Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары, Алматы қаласында орналасқан тұрғын үй кешендерінен тұрғын жылжымайтын мүлік немесе коммерциялық үй-жай сатып алған жағдайда, қатыса алады.
2.2. Ұйымдастырушының қызметкерлеріне және олардың тікелей жақын туыстарына Ұтыс ойынына қатысуға тыйым салынады.

3. ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Ұтыс ойынының Қатысушысы атану үшін 1.3-тармақта көрсетілген кезеңде төмендегі шарттарды орындау қажет:
1-шарт: SENSATA GROUP компаниясының Алматы қаласында орналасқан тұрғын үй кешендерінен пәтер немесе коммерциялық үй-жай сатып алу.
2-шарт: Ұтыс ойынына қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде Ұтыс ойыны туралы пост немесе сторис жариялап, Ұйымдастырушының ресми аккаунтын @sensata_almaty белгілеу қажет.
3-шарт: Ұтыс ойыны өткізілетін күнге дейін ұтыс купонын сақтау қажет.

4. ҰТЫС ҚОРЫ
4.1. Ұтыс қоры келесі сыйлықтардан тұрады:
Бас жүлде: Автокөлік.
Қосымша жүлделер: 2 туристік жолдама (әр жолдама 2 адамға арналған); 3 дана iPhone 17 Pro; Тұрмыстық техника дүкеніне әртүрлі номиналдағы 15 сертификат.
4.2. Жүлделерді ақшалай баламасына ауыстыруға жол берілмейді.

5. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
5.1. Ұтыс ойынының жеңімпаздары 2026 жылғы 5 қыркүйекте лототронды пайдалану арқылы кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Ұтыс ойынының нақты өткізу уақыты қосымша SMS-хабарлама арқылы хабарланып, сондай-ақ Ұйымдастырушының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында @sensata_almaty жарияланады. Ұтыс ойыны Ұйымдастырушының Instagram желісіндегі @sensata_almaty ресми парақшасында тікелей эфирде өткізіледі.
5.2. Ұтыс ойынының нәтижелері 2026 жылғы 5 қыркүйекті қоса алғанда Ұйымдастырушының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында @sensata_almaty және birthday.sensatakz сайтында жарияланады.

6. ЖҮЛДЕЛЕРДІ АЛУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ
6.1. Ұйымдастырушы Ұтыс ойынының қорытындысы шығарылған сәтте Жеңімпазға телефон арқылы хабарласып, ұтыс туралы хабарлайды. Егер Жеңімпаз қоңырауға жауап бермесе, Ұйымдастырушы басқа купонды қайта кездейсоқ таңдау арқылы жаңа Жеңімпазды анықтауға құқылы.
6.2. Жүлде (немесе оны алуға арналған сертификат) табысталмас бұрын, Жеңімпазбен осы Ұтыс ойынын өткізу қағидаларына сәйкес жеке келісім жасалады.
6.3. Келісім жасасу және жүлдені алу үшін Жеңімпаз Ұйымдастырушыға келесі мәліметтерді ұсынуға міндетті: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлік немесе паспорт деректері, ЖСН, шарттың нөмірі.
6.4. Егер Жеңімпаз хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде байланысқа шықпаса немесе келісімге қол қоюдан бас тартса, ол жүлдені алу құқығынан айырылады, ал Ұйымдастырушы жүлдеге өз қалауы бойынша билік етуге құқылы.

7. САЛЫҚ САЛУ
7.1. Ұйымдастырушы салық агенті болып танылады және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу және ұстап қалу міндетін өз мойнына алады.

8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8.1. Ұтыс ойынына қатысу фактісі Қатысушының осы Қағидалармен толық келісетінін білдіреді.
8.2. Ұйымдастырушы осы Қағидаларға өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Барлық өзгерістер міндетті түрде birthday.sensata.kz сайтында жарияланады.



Ұтыс ойынын өткізу қағидаларымен танысқанын растау
Осы арқылы Ұтыс ойынын өткізу қағидаларымен танысқанымды, олардың мазмұнын толық түсінетінімді, қатысу шарттарымен келісетінімді және оларды сақтауға міндеттенетінімді растаймын.
Қатысушының Т.А.Ә.: _______________________________________________
Купон №: ______________________________________________________
Шарт №: ____________________________________________________
Қағидалармен танысқан күні: «__» ________________ 20_____ ж.
Қатысушының қолы:______________________ /______________________/